"Павлодар-Астана" электропойызының бағыты Бурабай мен Көкшетауға дейін ұзартылды

Sputnik
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. 28 маусымнан бастап жазғы кезеңге "Павлодар-Астана" электропойызының бағытын Көкшетау мен Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылды, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолы".
Павлодардан Астанаға дейін пойыз №7509/7510 нөмірімен, содан соң №6805/6806 нөмірімен қатынайды.
Электропойыз Павлодардан сағат 10:57-де, Астанадан сағат 18:30-да шығады. Пойыз Бурабайға сағат 21:20-да, ал Көкшетауға сағат 22:31-де жетеді.
Кері бағытта Көкшетаудан сағат 11:50-де шығып, Бурабайдан сағат 12:55-те, Астанадан сағат 16:45-те жүреді. Павлодарға пойыз сағат 23:31-де келеді.
Пойыз жаздың соңына дейін аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері қатынайды.