"Күміс жас" жобасы аясында 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері "Күміс жас" жобасы аясында 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Тағы 19 060 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.
"Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқандар:
Түркістан облысында – 2,3 мың адам,
Жамбыл облысында – 1,5 мың адам,
Қарағанды облысында – 1,1 мың адам,
Алматы облысында – 1,1 мың адам.
"Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет", - деп жазды ведомство.
"Күміс жас" жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай-ақ зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмысқа орналастыруға міндетті, дейді министрлік.