Бұршақ, жаңбыр жауады: 28 маусымда ауа райы қандай болады

Қазгидромет 28 маусым, жұмаға ауа райы болжамын жариялады
Sputnik
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталады.
Республика бойынша жалпы жаңбыр жауады, батыста және солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Тек шығыста антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстанда, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында қатты ыстық сақталады.
Алматы, Жетісу облыстарының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өте қатты ыстық сақталады.
Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Маңғыстаудың солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды ​​ облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Астана: көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 35-37 градус қатты ыстық.
Алматы: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 36-38 градус қатты ыстық.
Шымкент: көшпелі бұлт шығадыі, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 36-38 градус қатты ыстық.