АЭС құрылысы бойынша референдум күзде өтеді - Тоқаев

Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды
Sputnik
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Қазақстанда атом электр стансасы құрылысы бойынша референдум биыл күзде өтеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты.
Мемлекет басшысысының сөзінше, үкімет нақты датаны айқындайды.
"Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек", - деді президент.
Мемлекет басшысының сөзінше, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар.
"Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды", - деді ол.
Видео
АЭС құрылысы: бұл Қазақстанды энергия тапшылығынан құтқара ма? Видео