Бишімбаевтың ісі: сот апелляциялық шағымды қарауға кірісті – видео

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысы онлайн көрсетіліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы экономика министрінің апелляциялық шағымы тікелей эфирде қаралады, деп хабарлады бұған дейін Қазақстанның Жоғарғы соты.
"Жоғарғы сот республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатыр. Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті", - деп жазылған хабарламада.
Судьяның 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді.
"Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығы артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.
Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.
Еске сала кетейік, қылмыстық әрекеті резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.
Ал 10 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтан апелляциялық шағым түсті, іс Астана қалалық сотында қаралады.