Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді

Шетел жұмыс күшін пайдаланатын екі мыңға жуық жұмыс беруші бар
Sputnik
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. 1 маусымдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 937 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:
басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 567 рұқсат (бірінші санат),
құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 582 рұқсат (екінші санат).
жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар үшін – тиісінше 5 512 және 602 адам.
Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 790 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 884 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Оларда 443,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 99,2%-ын құрайды.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 403 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 817 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 684, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 387 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 275 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
1.
Қытай – 3 938 адам,
2.
Өзбекстан – 1 919 адам,
3.
Үндістан – 1 145 адам,
4.
Түркия – 1 101 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.