Биыл Қазақстанда вольфрам кендерін игеру бойынша өндіріс іске қосылады

Sputnik
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Jiaxin International Resources Investment (ҚХР) компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесу индустриялық ынтымақтастық саласындағы Қазақстан-Қытай жобаларының тізбесінен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі шеңберінде өтті.
Компания Алматы облысында вольфрам кен орындарын өнеркәсіптік игеру бойынша жобаны іске асыруда ($350 млн инвестиция, 1 000 жұмыс орны).
Jiaxin International Resources Investment Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Лицян жобаны іске асыру барысында атқарушы мемлекеттік органдардың белсенді түрде көмектесіп жатқанын атап өтті. Пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарланған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.