Бишімбаевтар алқабилерге пара беруге талпынған жоқ – адвокат Ғазымжанов

Ғазымжановтың айтуынша, әлдебір әйел оларға өз "қызметін" ұсынған
Sputnik
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Sputnik Қазақстан тілшісі адвокат Ғазымжановтан алқабилерді сатып алу кімнің бастамасы, Бишімбаевтар отбасының ба, әлде алаяқтың ба деп сұрағанда, ол "Әрине, ол алаяқ әйел өзі хабарласты, Қуандық Бишімбаевтың анасымен байланысу жолдарын іздеді" деп жауап берді.
Ғазымжанов әлдебір әйелдің өз "қызметін" ұсынып, алқабилер атынан әрекет еткенін айтты. Ал Бишімбаевтың анасы полицияға хабарласып, күдікті жалған 100 миллион теңгені беру кезінде ұсталған.
Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда сот экс-министр Қуандық Бишімбаевты 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарған болатын. Оның туысы Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
28 және 29 мамырда сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық шағым түсірген.
Бүгін, 26 маусымда сот Бишімбаев пен Байжановтың қылмыстық істері бойынша апелляциялық шағымды қарап жатыр: Қуандық Бишімбаев өз апелляциялық шағымында кісі өлтіру үкімін абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қасақана ауыр зиян келтіру ретінде қайта дәрежелеуді, ал Бақытжан Байжанов өз әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты өзін ақтауды сұрайды.
Сот отырысы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.