АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. АҚШ қазір де, болашақта да өз әскерін Украинаға жіберуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлады Пентагонның баспасөз хатшысы Патрик Райдер.
"Қазір АҚШ әскери қызметкерлерін Украинадағы қақтығысқа жіберу жоспарымызда жоқ және бұл жағдай өзгермейді", - деді Райдер баспасөз брифингінде.
АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі АҚШ президенті Джо Байден мен Пентагон басшысы Ллойд Остиннің бұл мәселеге қатысты ұстанымы айқын екенін айтты.