Қорғаныс министрі әскери нысандарды тексерді

Sputnik
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Абай және Аягөз гарнизондарының әскери нысандарын тексерді.
Ол тексерген алғашқы пункт "Шығыс" түраралық полигоны болды. Шілде айының ортасында мұнда әскери міндеттілердің әскери жиын басталады, оған 1,5 мыңға жуық адамды шақыру жоспарланып отыр.
"Қорғаныс министрі оқу-жаттығу орталығының резервшілерге сабақ өткізуге, ал 35411 әскери бөлімінде – оқу-жаттығу жиынға шақырылатын жеке құрамды қабылдау пунктін дайындақтарын зерделеді", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов аумақтық қорғаныс бригадаларының құрамын жауынгерлік даярлықтың қажетті деңгейінде ұстаудың маңыздылығын атап өтті.
30217 әскери бөлімінің жауынгерлік машиналар паркінде ол қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді ұйымдастыруды және оны ұзақ мерзімді сақтауға қалай дайындайтынын қарады.
Қорғаныс ведомствосының басшысы сонымен қатар 30217 әскери бөлімінде модульдік казарма ғимараттарын монтаждау мен асхананы салу, 74884 әскери бөлімінде объектілер салу жұмыстарының барысымен танысты.
Аягөз гарнизонында Руслан Жақсылықов жұмыс сапарын "Майлин" оқу-жаттығу полигонынан бастады. Министрге броньды нысандарды жою, қарсыластың ұшқышсыз басқарылатын аппараттарына қарсы тұру, басқару арналарын құрту және электронды күрес арқылы дрондарды навигациялау тәсілдері, оған қоса аталғандардың басқа да оқу-жауынгерлік мүмкіндіктері көрсетілді.
Гарнизонның әскери бөлімдеріне барған кезде қорғаныс ведомствосының басшысы әскерлердің тыныс-тіршілігі үшін модульдік ғимараттар салу бойынша орындалған жұмыстардың барысымен танысты. Бұдан басқа министр гарнизон әскери қызметшілерінің отбасы мүшелері тұратын "Южный" әскери қалашығының тұрғын үйлерін ағымдағы жөндеудің сапасын тексерді.
Сапар соңында генерал-полковник Руслан Жақсылықов жауынгерлік даярлық іс-шараларын сапалы орындау, әскери объектілерді салу мерзімдерін сақтау, қару-жарақ пен әскери техниканы тиісті жағдайда ұстау бойынша бірқатар міндеттер қойды. Әсіресе мүлік пен оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауға жіті назар аударды.