Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Пентагон Украина қайда соққы жасайтынын өзі шешеді деп мәлімдеді

Sputnik
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Ресей билігінің Севастопольдегі шабуылға АҚШ-тың қатысы бар екені туралы мәлімдемесі аясында Пентагон Украина қайда соққы жасайтынын өзі шешеді деп мәлімдеді. Бұл туралы Reuters жазды.
"Украина нысанаға қатысты шешімді өзі қабылдайды және әскери операцияларды өзі жүргізеді", - деп келтірді агенттік Пентагон баспасөз хатшысы Чарльз Дицтің сөзін.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров беларусь әріптесі Сергей Алейникпен келіссөз барысында Севастопольдегі зымыран шабуылына АҚШ пен Украинаның қатысы күмән тудырмайтынын айтқан.
Еске салайық, 23 маусымда кластерлік оқтұмсықтармен жабдықталған бес америкалық ATACMS жедел-тактикалық зымырандарымен Севастополь қаласына шабуыл жасалды. Зымыран шабуылына тойтарыс беру кезінде ресейлік әуе қорғанысы төрт зымыранды тежеді. Бесінші америкалық зымыран ауада жарылып, жерге құлап, Севастопольдегі бейбіт тұрғындар қаза болды.
Соңғы мәлімет бойынша 153 адам әртүрлі ауырлықтағы жарақат алып, олардың 79-ы ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 27 бала бар. Төрт адам, оның ішінде екі бала қайтыс болды. Дүйсенбі, 24 маусым Севастополь мен Қырым Республикасында қаралы күн болып жарияланды.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.