.АСТАНА, 25 маусым - Sputnik. Sputnik Қырғызстан радиосына берген сұхбатында шараны өткізу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Бақтияр Қадыров форумның 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын айтты.
"Достастық балалары" мәдени-ағартушылық форумын тоғызыншы рет өткізіп отырмыз. Әр жолы оның ауқымы кеңейіп, қызықты болып жатыр. Оның басты мақсаты – басқа елдерден келген мектеп оқушыларына достасуға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәдениеттер және дәстүрлермен танысуға мүмкіндік беру. Мысалы, балалар ұлттық тағамдардың ерекшеліктерін немесе қызықты әдет-ғұрыптарды үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар тату көршілік, мейірімділік және ынтымақтастық рухында өмір сүруге үйренеді. Форум қатысушылары – құндылықтары мен өмірлік тұжырымдамалары ортақ пікірлес адамдар мен шынайы достар командасы", - деді Қадыров.
Ол форумның әр күні іс-шараларға толы болатынын айтты. Оқушылар спорттық жарыстарға, интеллектуалдық викториналарға және білім беру тренингтеріне қатысады.