Тоқаев Севастопольдегі қайғылы жағдайға байланысты Путинге көңіл айтты

Sputnik
АЛМАТЫ, 24 маусым - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Дағыстандағы лаңкестік шабуылдардың қайғылы салдарына байланысты Ресей халқына көңіл айтып, қоңырау шалды, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Севастопольдегі бейбіт азаматтарға қарсы ланкестік соққыны қатты айыптады", - делінген хабарламада.
Путин қиын сынақта қолдау көрсетіп, көңіл айтқаны үшін Тоқаевқа алғысын білдірген. Екі мемлекеттің басшысы терроризмге қарсы күресте өзара іс-қимылды күшейтуге дайын екендіктерін айтты.
23 маусымда Мәскеу уақытымен 12.15-те Севастополь қаласына қасақана террористік зымыран соққысы жасалды. Соққыны жауынгерлік бөлімдермен жабдықталған бес американдық ATACMS жедел-тактикалық зымыраны жасаған. Ресейлік әуе қорғанысы төрт зымыранды ұстап алды. Әуеде талқандалған АҚШ-тың бесінші зымыранының сынықтары Севастопольдің бейбіт тұрғындарына көптеген зардап тудырды.
Соңғы мәліметтер бойынша, 153 адам жараланған, оның 79-ы ауруханаға жатқызылған, 27-сі бала. Төрт адам, оның ішінде екі бала қайтыс болды. Дүйсенбіде Севастополь мен Қырым Республикасында аза тұту күні деп жарияланды.