Парижге баратын қазақстандық Олимпиада тарихында қалады

Sputnik
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан Париж Олимпиадасында алғаш рет брейкингтен медаль үшін таласады. Елдің намысын Амир Закиров қорғайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық Олимпипда комитетіне сілтеме жасап.
Амир Закиров Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Париж ойындарына жолдама алды. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілінен жол берді. Осылайша, екінші орынмен қатар олимпиадалық квотасына ие болды. Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншіледі.
Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир 71 ұпай жинады. Шанхайда ол 15-орын алған. Жалпы есепте қазақстандық спортшы алтыншы орыннан көрінген.
Айта кетері, брейкинг Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр. Ал Амир Закиров аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болмақ.