АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Қазан қаласындағы БРИКС ойындарында Қазақстан құрамасы медальдық есепте 10-орынға ие болды. Команда қоржынында екі алтын, 10 күміс және он жеті қола медаль бар.
Ресей құрамасы 262 алтынды иеленіп, жалпыкомандалық есепте мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Сонымен қатар ресейліктердің еншісінде 141 күміс және 99 қола бар.
Екінші орынды Беларусь (55 алтын, 85 күміс, 107 қола), үшінші орынды Қытай (20 алтын, 24 күміс, 18 қола) иеленді.
БРИКС ойындары 12 маусымнан 23 маусымға дейін созылды. Жарысқа 90-нан астам елден 5 мыңға жуық спортшы қатысты, олар 387 медаль жиынтығын сарапқа салды.
БРИКС ойындарында Қазақстанның намысын спорттың 13 түрінен 115 атлет қорғады.
Бүгін Татарстанда БРИКС ойындарының жабылу салтанаты өтеді.