АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Ресей және Беларусь елшіліктерінің өкілдері Астанадағы генерал Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Соғыста қаза тапқандарды еске алуға Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының өкілдері, Қазақстанның ардагерлер ұйымдары мен тұрғындар да келді.
"Осы күні мен бірнеше қайғылы цифрларды келтіргім келеді, 18 миллион адам қаза тапты, азапталды, аяусыз өлтірілді", - деді Ресей елшілігінің қорғаныс атташесі Эдуард Белашев.
Ол сондай-ақ 1 миллион 200 мың қазақстандық майданға аттанып, олардың жартысы оралмағанын атап өтті.