АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылының саяжай қоғамында бетонды колхозаралық суару каналының түйіскен жерінде жарықтар салдарынан тіректің топырағы шайылып, бір секция жойылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 4 аула аумағын су басқан. Шлюзді жауып, суды басқа арнаға бағыттау арқылы су беру тоқтатылды. Су басу қаупі жойылды.
Қазіргі уақытта Алматы облысы ТЖД күштері аула аумақтарынан су айдау жұмыстары жүргізіп жатыр.
Ықтимал залалды нақтылауға ЖАО комиссия құрылды. Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары мен аула аумақтарынан су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.