Қазақконцерт әртістері Қытайда өнер көрсетті

Sputnik
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Қытайдағы Қазақстан Республикасының Туризм жылы аясында Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері Дэчжоу мен Ланфан қалаларында өнер көрсетті.
"Қазақконцерт" әртістері Қытайда өнер көрсетті
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Елмұра Жаңаберген, Ардақ Балажанова, Салтанат Ахметова, Медет Чотабаев, Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Әділхан Макин, сондай-ақ "Гүлдер" және "Астана сазы" ансамбльдері қатысты.
"Қазақконцерт" әртістері Қытайда өнер көрсетті
Өнерпаздар дәстүрлі және заманауи ұлт мәдениеті мен руханиятын таныстырып, отандық композиторлар мен халық әндерін шырқап, қазақтың киелі қара домбырасы мен қылқобызы арқылы ұлттық өнерімізді Қытай жұртшылығына паш етті.
"Қазақконцерт" әртістері Қытайда өнер көрсетті
Аталмыш іс-шара бейбітшілік пен келісімді мақсат тұтқан көрші халықтардың екіжақты қатынасының дамуына, ұлттар достығы мен сыйластығының артуына серпін береді.