Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Байден Украинадағы ірі келісімді бұзды

Sputnik
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байденнің сұйытылған табиғи газдың жаңа жобаларын мақұлдауды тоқтату туралы шешімі украиналық компанияның американдық СТГ сатып алу келісіміне кедергі болды, деп хабарлайды The Wall Street Journal басылымы.
"Жақсы жаңалық: Украина өткен аптада Шығыс Еуропаға ресейлік табиғи газдан бас тартуға көмектесу үшін американдық СТГ жеткізушісімен ірі мәміле жасады. Жаман жаңалық: президент Байден келісімнің сәтті өтуіне кедергі болып тұр", - деп мәлімдейді газет.
Авторлар атап өткендей, бұған дейін DTEK энергетикалық холдингі құрған украиналық D.Trading компаниясы американдық Venture Global компаниясымен Украина мен Шығыс Еуропа елдеріне американдық СТГ жеткізу туралы келісім жасасқан болатын.