Астанада тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты

Sputnik
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Астанада Ханшатыр сауда орталығының маңындағы көпқабатты тұрғын үй өртеніп жатыр.
Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына шықты.
Құтқарушылар келіп жеткенде тұрғын үй кешенінің 26-қабатында сыртқы жабын өртеніп жатқанын анықтаған.
Өрт әлі сөндірілген жоқ.