Тоқаев 4 елдің елшісінен сенім грамотасын қабылдады

Президент елшілердің Қазақстандағы маңызды миссиясына табыс тіледі
Sputnik
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
"Ақорда" резиденциясында төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады
Сенім грамоталарын Қатар мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Мұхаммед Джабер, Боливар Венесуэла Республикасының елшісі Росальба Ло Буэ Антико, Камбоджа Корольдігінің елшісі Чеа Сок, Бурунди Республикасының елшісі Жозеф Нкурунзиза тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады
"Біз салмақты, сындарлы, бейбіт сыртқы саясат жүргізіп отырмыз. Жақын арада аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты дамытуда жаңа жетістіктерге қол жеткізе аламыз деп сенеміз. Баршаңызды тағы да құттықтаймын. Сіздердің Қазақстандағы маңызды миссияларыңызға табыс тілеймін", – деді президент.