Сыртқы істер министрі ҰҚШҰ СІМ кеңесінің отырысында басым бағыттарды атады

Алматыда ҰҚШҰ елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті
Sputnik
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) сыртқы істер министрлері кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу республиканың басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы айтты.
Ол ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді және сұранысқа ие халықаралық құрылым ретінде әрекет ететінін айтты. Осы жылдар ішінде сыртқы саяси өзара іс-қимыл саласында үлкен тәжірибе жинақталды, сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрестің тиімді әдістері белгіленді, нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды, ұжымдық қауіпсіздіктің қажетті күштері мен құралдары құрылды және жұмыс істеп жатыр.
Заседание СМИД ОДКБ
Мұрат Нұртілеу кездесу барысында Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы жағдайдың қазіргі ахуалы мен даму келешегі бойынша бағалаулар салыстырылғанын түсіндірді.
Ол ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесіндегі Ауғанстан бойынша жұмыс тобының отырыстарына БҰҰ-ның тиісті құрылымдарының, ШЫҰ АТҚҚ, ТМД ТҚО және басқа да ұйымдардың өкілдерін шақыру тәжірибесін жалғастыру маңызды екенін айтты.
Аталған іс-шаралар барысында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл, есірткі бизнесіне және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл салаларындағы бірқатар қазақстандық басымдықты жүзеге асыру жоспарлануда.
"Биыл біз 2013 жылдан бері жұмыс жүргізіліп келе жатқан тәжік-ауған шекарасын нығайту бойынша ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасын үйлестіруді аяқтадық. Бүгін сыртқы істер министрлері кеңесінің тиісті шешіміне қол қойылады", - деді Қазақстанның сыртқы істер министрі.
Ол жақын арада бұл маңызды құжат ҰҚШҰ елдері басшыларының бекітуіне ұсынылатынын түсіндірді.