АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Туризм және спорт министрі Ермек Мыржықпаев Париж Олимпиадасына қанша спортшының қатысатынын айтты, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Қазақстан құрамасында 22 спорт түрінен 78 жолдама бар. Негізгі лицензиялар:
1 бокс - 10 жолдама;
2 дзюдо -8 жолдама;
3 күрес - 7 жолдама (грек-рим - 4, еркін -3);
4 каноэ мен байдарка - 6 жолдама;
“Өкінішке қарай, биыл әйелдер күресі мен ауыр атлетикадан лицензия ала алмадық“,-деді Мыржықпаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Жалпы, Париж Олимпиадасына дейін Қазақстан құрамасы жолдамалардың санын 80-85-ке жеткізуді жоспарлап отыр.