АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовқа жасалған қастандық фактісі бойынша Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Қазақстанның Бас Прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын.
Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды.