АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Астанада баланы өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Күдікті бала күтуші болып жұмыс істеген. Ол бүлдіршінді тұншықтырған болуы мүмкін.
"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ведомство.
Полиция өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін атап өтті.