АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті танымал қазақстандық кәсіпкер Владимир Жуманбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан телеграм арнасы.
Жұманбаев құқық қорғау органдары ұстаған қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаевпен байланысы бар және ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінген еді.
Арнайы қызметтің мәліметінше, 19 маусымда кәсіпкер Қырғызстанға барып, тергеу амалдарына қатысқан.
Тағылған айыптар алынып тасталып, іс жабылды, деп қорытындылады Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.