Фото

Стенин атындағы фотобайқаудың шорт-тізіміне енген суреттер - фото

Мәскеуде Андрей Стенин атындағы Х халықаралық жас фототілшілер байқауының қысқа тізіміне енген жеңімпаздар анықталды
Sputnik
Мерейтойлық байқауда алғаш рет халықаралық қазылар алқасы тек фототілшілерден, байқаудың әр жылдардағы Гран-при иегерлерінен құралған.
Жыл сайын Стенин байқауына іріктеуден өткен қатысушылардың географиясы кеңейіп келеді. 2024 жылы байқаудың алдын ала тізіміне алғаш рет Сирия, Оңтүстік Африка Республикасы және Мьянма елдері фототілшілерінің жұмыстары кірді. Ол тізімге барлығы 10 елдің жас фоторепортері түсірген жеке суреттер мен топтамалар енді.
Байқаудың халықаралық қазылар алқасы бағалаған жұмыстардың жалпы саны 2024 жылы Ресей, Үндістан, Иран, Қытай, Италия, АҚШ, Испания, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка Республикасы, Польша, Франция, Эквадор, Сирия, Мексика және тағы басқа 36 елден келген 557 қатысушының екі мыңға жуығын құрады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша жеңімпаздар қыркүйек айында бас жүлде иегерімен бірге жарияланады. Ал әзірше мерейтойлық байқауға іріктеуден өткен жұмыстарға назар аударыңыз. Қатысушылар жұмыстарының толық тізімімен байқаудың ресми сайтында танысуға болады.
1 / 13

"Таңертең вьетнамдықтар лалагүлді сумен мұқият тазалап жуып, олардың табиғи сұлулығын көрсетеді", - деді мьянмалық фотограф Аунг Чан Тар өз суреті туралы.

2 / 13

Оралдың тумасы Ричард Назаретян туған жеріндегі күнделікті өмірді суретке түсіргенді ұнатады. Бұл оның байқауда жеңіске жеткен суреттерінің бірі.

3 / 13

Бұл суреттің кейіпкері Сабина есімді кішкентай қыз. Оны бангладештік фотограф Мухаммад Шамим Ул Ислам түсіріп, жұмысын "Қыз бен мұхит" деп атады. Автордың айтуынша, Сабина бөтелкелерді жинап, қайта өңдеу орындарында сату үшін Бенгал шығанағы жағалауына жиі барады.

4 / 13

"Өмір мен өлім арасындағы үмітсіздік" деп аталатын бұл суретті Валенсиядағы үйден шыққан жойқын өрт кезінде испаниялық Херман Кабальеро түсірген. Суреттегі кейіпкерлері екі сағаттан астам уақыттан кейін құтқарылды.

5 / 13

Италиялық Джакомо Д'Орландо климаттың өзгеруі тақырыбына суреттер түсіреді. "Симбиоз" деп аталатын жұмысы Австралияның теңіз экожүйесіне арналған.

6 / 13

Үндістанның Вриндаван қаласында он мыңдаған жесір тұрады. Оларды өз отбасылары үйлерінен қуып жібереді. Раджендра Мохан Пандидің бұл суреті олардың қиын өмірін сипаттайды.

7 / 13

Қытай фотографы Жианфей Сиэ коньки тепкен адамдарды өзгеше көріністе суретке түсіріп алды.

8 / 13

Бангладештік фотограф Абдул Момин чили бұрышын жинау кезін суретке түсірген. Ол бұл жұмысын "Жерден бұрышқа дейін" деп атады.

9 / 13

Оңтүстік Судандағы толассыз жауған жаңбырдың салдарын елдің кейбір аймақтарын бір жыл бойы су басып қалуын британиялық Люк Дрей түсіріп алған. Автор Угандада тұрады.

10 / 13

Карам әл-Масри Сириядағы жер сілкінісінің салдарын суретке түсіріп, өз жұмысын "Таусылмайтын қайғы" деп атады.

11 / 13

"Балалар қорқып жатыр, ал мен әкемін", - дейді суреттің кейіпкері Рза Рзаев. Ол Новосібірдегі коммуналдық апат кезінде адамдарды қайнаған су "өзенінен" өткізіп.

12 / 13

Ресейлік фотограф Руслан Кондратенко "Капитан Косолапов" мұзжарғыш кемесін Фин шығанағындағы жол үстінде түсіріп алған.

13 / 13

Оңтүстік Африкадағы Гуннар Оберхозель және оның "Өрт" деп аталатын суреті.