Қарағандыда АЭС салу бойынша көпшілік талқылау өтеді

Бұған дейін Тоқаев ел аумағында АЭС салынып-салынбайтынын халық референдум арқылы шешетінін мәлімдеген еді
Sputnik
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қарағанды обласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады.
Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрағын қоя алады.
Жария талқылау Қараған қаласы Кеншілер даңғылы, 64 мекенжайында орналасқан "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Бұған дейін Тоқаев ел аумағында атом электр станциясы салынып-салынбайтынын халық референдум арқылы шешетінін мәлімдеген еді.