Алматыда өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына Армения қатыспайды

21 маусымда Алматыда Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді
Sputnik
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян алдағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатыспайды, деп хабарлайды Sputnik Армения.
"Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Алматыда өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатыспайды", - деді елдің СІМ баспасөз хатшысы Бадалян жергілікті мемлекеттік агенттік "Арменпресс"-ке.
Айта кетейік, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Алматыда өтетін ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлады РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова.
21 маусымда Алматыда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді.