АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. "Қазгидромет" 20-22 маусымға жасалған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше алдағы күндері батыста аптап ыстықтың беті қайтады, 22 маусымда жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы өзінің климаттық қалпына оралады.
"Еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын аздап тоқтағаннан кейін, қайтадан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кейбір аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ жауады және қатты дауыл тұрады деп болжанып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Ал республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда күндізгі конвекция әсерінен әлі де ауа райы құбылмалы болады. Тек шығыс аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын болмайды.