АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. 20-21 маусымда елордада көлік қозғалысына және жаяу жүруге уақытша шектеу қойылады.
Астаналық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб бұл күндері терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтетінін хабарлады.
"Құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының терроризм қаупіне қарсы жедел әрекет ету дайындығы тексеріледі. Оқу-жаттығу аясында белгілі деңгейде тыйымдар, соның ішінде қаланың кейбір ауданында жаяу жүру және көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Штаб азаматтарды шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырды.