АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. "Таңбалы" қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері Қоғалы алқабындағы қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды.
"Таңбалы" қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды
© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған.
"Қоғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады", - деп жазылған хабарламада.
Қазір "Таңбалы" ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде. Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.