АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Санкт-Петербург мемлекеттік университеті ресейлік стандарттар бойынша бірегей білім беру жобасын ұсынады, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі өз телеграм-арнасында.
Ұсынылып отырған оқыту форматы әлемнің кез келген елінің оқушыларына орыс тілінде білім алуға, ресейлік мектеп бағдарламасы бойынша оқуға, сондай-ақ эрудицияны дамытуға және ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Онлайн мектеп 4-11 сынып оқушылары үшін 13 мектеп пәні бойынша сабақтар ұсынады. Оқу кезеңі қазаннан мамырға дейінгі уақытты қамтиды. Сабақтар сенбі күндері өтеді.
Қашықтықтағы мектеп – 5–11 сынып оқушыларына арналған. Сабақтар аптасына 5-6 күн жүргізіледі. Оқушыларға мемлекеттік үлгідегі аттестат беріледі. Құжаттарды 20 маусымға дейін тапсыруға болады.