АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің басшылары жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.К. Суықбаев сотталды", - деп жазылған хабарламада.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сонымен қатар аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Олар жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.