АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Вашингтон Украина қарулы күштерінің шекарадағы Ресей әскеріне америкалық қарумен соққы жасауына тыйым болмайды деп санайды. Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан PSB арнасына берген сұхбатында айтты
"Бұл ресейлік күштер Ресейден Украинаға шекараны кесіп өтетін барлық аумаққа қатысты", - деді ол.
Журналистің Вашингтонның бұл ұстанымы Ресейдің Сумы облысымен шектесетін аймақтарына қатысты ма деген сұрағына Салливан "бұл жерде де қолданылады" деп жауап берді.
Президент Владимир Путин мамыр айының соңында НАТО елдерінің өкілдері Украина қарулы күштеріне берілген Батыстың зымыран жүйелерімен Ресей аумағына тереңдете соққы берудің салдары жөнінде ойлануы керектігін айтты.
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың пікірінше, альянс елдері шиеленістің жаңа кезеңін әдейі ушықтырып, Украинаны мағынасыз соғысты жалғастыруға арандатып отыр. Мұның салдары сөзсіз болады және шиеленіс жолына түскен елдердің мүдделеріне үлкен зиян келтіреді, деді ол.