АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Қытай Өнеркәсіп өкілдері федерациясы Қазақстанның Кәсіпкерлер палатасымен кездесу аясында Қазақстаннан құс өнімдерін импорттауға мүдделі екенін жеткізді.
Атап айтқанда, қытайлық кәсіпкерлер өз елінде өте танымал тауық табандарына қызығушылық танытты, деп хабарлады Apk-news.kz.
"Олар қазірдің өзінде бұл мәселемен айналысып жатыр. Өзбекстаннан өнім жеткізу жолға қойылды, енді олар осындай жұмыстарды біздің елде де қолға алмақ ниетте. Қазақ жерінде бұл кәсіпті ұйымдастыруға көмектесуге дайын", - деп жазылған хабарламада.

Іс-шарада сөз сөйлеген кәсіпкердің айтуынша, тауық еті Қытайда үлкен сұранысқа ие.
Кәсіпкерлер палатасының мүшелері әріптестерін құс шаруашылығы кәсіподақтары мен қауымдастықтарының өкілдерімен кездесу өткізіп, олармен тығыз байланыс орнатуға және осы мәселені пысықтауға шақырды.