Польшаның ең ірі банкомат желісі қолма-қол ақша алуды шектеді

Адамдар бір уақытта банкоматтан шамамен 50 доллар ғана ала алады
Sputnik
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Польшаның ең ірі банкомат желісі Euronet наразылық акциясын бастағанын және қолма-қол ақша алуды шектегенін мәлімдеді.
"Бүгінде Euronet желісіндегі банкоматта бір транзакция үшін бар болғаны 200 злотый (шамамен 50 доллар) шешіп алуға болады", - делінген хабарламада.
Банкоматтан үлкен соманы алуға болады, бірақ бірнеше транзакция жасау керек. Бұл ақша алу үшін көбірек уақыт пен комиссия ақысын төлеуді талап етеді. Сәйкесінше, бұл банкоматтан қаражат алу шығындарының жоғарылауына әкеледі.
Euronet наразылық шарасы бір күнге созылатынын хабарлады. Олардың пікірінше, акция банкомат операторларының жағдайына назар аударуы керек.
Наразылық шарасы VISA, Mastercard және BLIK банкомат операторлары үшін белгіленген комиссиялардың елдегі қолма-қол ақшаны алу құнын өтемейтіндіктен жасалып отыр, деп түсіндірді компаниядағылар.