Маңғыстауда алимент төлеуден жалтарған борышкер қамауға алынды

Sputnik
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған борышкер қамауға алынды, деп хабарлады облыс прокуратурасы.
"Жаңаөзен қаласының прокуратурасы алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істі сотқа жолдады", - деп жазылған хабарламада.
Айыпталушы сотқа келуден жалтарған, қала прокурорының өтінішімен сот борышкерге іздеу жариялады.
"Жүргізілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде борышкер Қостанай қаласында ұсталып, қамаққа алынды", - дейді прокуратура.
Қазіргі уақытта алимент бойынша берешегі толық өтелді және қылмыстық іс сотқа жолданды.
Алимент төлеушілер баласына 14 млрд теңге қарыз – Әділет министрлігі