Астанада көлік жуу орындары сусыз қалуы мүмкін

"Астана Су Арнасы" МКК көлік жуу орындарын бір айдың ішінде айналымды сумен жабдықтау жүйесін орнатуға міндеттеді
Sputnik
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Астанадағы автокөлік жуу орындарының иелері монополистің талабын шегеруді сұрап отыр. Онсыз көлік жуу орындарын сусыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Атамекен" ұлттық палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Палата таратқан мәліметке сәйкес, "Астана Су Арнасы" МКК көлік жуу орындарын бір айдың ішінде айналымды сумен жабдықтау жүйесін орнатуға міндеттеді. Ондай жүйе орнатылмаса, су беруді тоқтатуы мүмкін.
"Елордалық автокөлік жуу орындарының иелері су ресурстарын үнемдеу және оларды ұтымсыз пайдаланудың алдын алу қажеттілігін түсінеді, алайда бұл үшін дәлелді негіздерді ескере отырып, осы нұсқаманың орындалу мерзімін кемінде алты айға дейін ұзартуды сұрайды", - кәсіпкерлер.
Осыған байланысты Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы бүгін осы мәселені талқылауға шығаруға шешім қабылдады. Отырысқа су ресурстары және ирригация министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ "Астана Су Арнасы" МКК өкілдері қатысады.
Қазақстанға ауыз су тапшылығы қаупі төніп тұр – экологтар