АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина бойынша саммитке қатыспаудың себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінгі брифингте журналистер осы мәселеге қатысты министрліктің ресми өкіліне сұрақ қойды.
"Қазақстан аталған саммитке халықаралық іс-шаралар кестесіне байланысты қатыса алмады. Біз өткен аптада айтқан болатынбыз. Егер қатысатын болсақ, біз сол кестеге қарай қатысамыз", - деді Смадияров.
Айта кетері, өткен демалыс күндері Швейцарияда Украина бойынша арнайы конференция ұйымдастырылды. Оған 160-тан астам елдің басшылары шақырылды. Бірақ 92 мемлекет келді. Ал бірлескен декларацияға 80 елдің өкілі қол қойды.