Қазақстан БРИКС ойындарында 13-ші орында келеді

Командада әзірге күміс пен қола ғана бар
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан құрамасы БРИКС ойындарының медальдық есебінде 13-орында тұр.
Еліміздің спортшылары Азияда Қытай, Иран, Өзбекстан, Үндістан, Моңғолия, Әзербайжан, Түркия және Пәкістаннан кейін келеді. Себебі бұл елдерде кемінде бір алтын бар, ал Қазақстанның күміс және қола медалі көп, бірақ әлі алтын алмады.
Қазақстан құрамасының сапында гимнастшы Диас Тойшыбек, каратэші Жолман Биғабыл (60 келі) күміс, синхронды жүзушілер Полина Мерзлякова, Ясмина Исламова мен Александра Мальцеваның дуэті, каратэші Мәдина Алиманова, гимнаст Әлішер Тойбазаров қола алды.
БРИКС ойындары 23 маусымға дейін Қазан қаласының спорт нысандарында өтеді.
Жарыстар спорттың 27 түрінен өтіп, оларға әлемнің 90-ға жуық елінен 3,1 мыңнан астам спортшы қатысады. 387 марапат жинағы табысталады.