ЕАЭО мен БАӘ экономикалық серіктестік орнатуға уағдаласты

БАӘ-мен келіссөзді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2022 жылдың желтоқсанында қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ пен Біріккен Араб Әмірліктері экономикалық серіктестік туралы келісімнің жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлады ЕЭК.
ЕАЭО мен БАӘ экономикалық серіктестік туралы келіссөз жүргізіп жатыр
Келіссөздердің үшінші раунды өткен аптада Дубайда өтті, деп түсіндірді Еуразиялық экономикалық комиссия.
"Раунд қорытындысы бойынша келісімнің реттеушілік бөлігін келісуде елеулі ілгерілеу болғанын атап өту керек", - деді ЕЭК Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Михаил Черекаев.
Оның айтуынша тараптар тарауларды келісіп қойған, сондай-ақ келіссөздер үдерісін сәтті аяқтау үшін барлық мәселені шешкен.
БАӘ-мен келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2022 жылдың желтоқсанында қабылдады. Келіссөздердің бірінші және екінші раунды 2023 жылдың наурыз және маусым айларында өтті.