Астанада жатақхана өртенді: зардап шеккендер бар

Sputnik
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Астана қаласының Сарыарқа ауданында жатақханаға айналдырылған екі қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақпарат бойынша, мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры өртенген.
Зардап шеккен адам бар. 1935 жылы туған азамат жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Оралда мал соятын орында газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар