АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Швейцариядағы Украинаға қатысты конференция бейбітшілік орната алмайды, өйткені оған Ресей өкілі шақырылмаған, деп мәлімдеді конференцияға өз елінің атынан қатысатын Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто.
"Біз Швейцарияның бейбітшілікке қол жеткізудегі күш-жігерін әрқашан жоғары бағалап келдік және солай болып қалады. Сонымен бірге, шынын айту керек: бейбітшілік конференциясы соғысушы тараптардың екеуі де үстел басында отырғанда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл демалыс күндері олай болмайды", - деп жазды Сийярто Швейцарияға жолға шығар алдында әлеуметтік желіде.
Венгрия Сыртқы істер министрлігінің басшысы "нақты, мағыналы келіссөздер жүргізуге" шақырды және қару-жарақ жеткізуге жұмсалған күш-жігер бейбітшілік орнатуға бағытталуы керек екенін атап өтті.
Швейцария 15-16 маусымда Люцерн қаласы маңындағы Бюргеншток курортында Украинаға қатысты конференция өтіп жатыр. 92 ел мен 55 мемлекет басшысы, сондай-ақ ЕО, Еуропа кеңесі және БҰҰ сияқты сегіз ұйым қатысатынын растады. Конференцияға АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин қатыспайды.
Швейцария Ресейге Украина бойынша саммитке қатысуға шақыру жібермеді. Кремль Украинадағы қақтығысты жағдайдан шығу жолдарын Ресейдің қатысуынсыз іздеу мүлдем қисынсыз және пайдасыз деп мәлімдеді.