Президент құрбандық шалды

Sputnik
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды.
"Мешітте Құран оқытылып, мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды", - деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, президент қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Ол барша мұсылман асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор екенін атап өтті.
"Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады