АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Орал қаласында базарда газ баллоны жарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқыс оқиға 16 маусым күні сағат 10.00-ден кете мал союға арналған орында болды.
"Алдын ала мәлімет бойынша 10 адам зардап шекті. соның екеуі - кәмелетке толмағандар. Екі адам дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Газ баллонын дұрыс қолданбау осындай оқыс оқиғаларға жиі соқтыруда. ТЖ департаментінің қызметкерлері мұның алдында қауіпсіздік бойынша рейд те жүргізген", - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары мен себеп-салдары анықталу үстінде.