Шегірткемен күрес жұмыстары қалай жүріп жатыр

Бұл мәселе премьер-министрдің ерекше бақылауында
Sputnik
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегіртке зиянкестерімен күрес белсенді жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қазір Айдарбек Сапаров Қостанай облысы Торғай аумағында жүр.
"Бұл мәселе премьер-министрдің ерекше бақылауында. Қажетті көлемде дәрі-дәрмек сатып алу және жұмысты бастау бойынша дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде жоспарланған 2,5 миллион гектар залалсыздандыру алаңының 1,1 миллион гектардан астамы өңделді. Техника жеткілікті, өңірлер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Барлық өңдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр", - деді ауыл шаруашылығы министрі.