АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты желіге фото салған әйелге айыппұл салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, Атырау тұрғыны "В контакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына діни мазмұндағы суретті жүктеп, бәріне көрсеткен. Осылайша, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңды бұзған. Оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы, 1-бөлігінің 3-тармағы бойынша жауапқа тартты. Осы тармақта діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Жеке тұлғаларға 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Сот қаулысымен заңды бұзған әйел 129 220 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енді.