АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Ақмола облысындағы мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Тексеріс кезінед біраз заң бұзушылықтар анықталды. Олар:
білім алушылар санының мектептің жобалық сыйымдылығынан асып кетуі;
сыныптардың толып кетуі;
ауысымдар арасындағы үзіліс уақытының, оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығының сақталмауы;
жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін пайдалану мен сақтау;
сыныптардағы температуралық режимнің бұзылуы;
мектеп үй-жайларының (сыныптар, рекреациялар, баспалдақ ойықтары, санитарлық тораптар және т.б.) сәйкес келмеуі;
дайын тағамдардың құнарлығына сай болмауы;
жұмысқа рұқсаты бар қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болмауы.
Прокурорлардың талабы бойынша 22 адам Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы, 1-бөлігі (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жауапқа тартылды. Оларға барлығы 4 596 540 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Ал мектептерде анықталған бұзушылықтар жойылды.