5 %-дық несие: ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға қыруар қаржы бөлінді

7 жылға дейінгі мерзімге беріледі
Sputnik
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі ауыл шаруашылығы техникасының лизингі үшін 100 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан холдингтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа бағдарлама "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы іске асырылады. Соның аясында ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға мүмкіндік бар.
"Үкімет аграрияларға ең төмен пайызбен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін қаржы бөлді. Бұл – шағын және орта өнеркәсіп иелеріне ауылшаруашылық парктерін жаңарту үшін үлкен мүмкіндік. Отандық техника өндірушілеріне де үлкен қолдау болады", - дейді холдинг басшысы Рүстем Қарағойшин.
Жеңілдетілген лизинг агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жылдық 5% мөлшерме бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады.